Құрметті интернет қолданушылары! Бұл сайт "АТДҰ-2012" жобасының үздік сайттар конкурсына қатысуда. Сондықтан да physics1.ucoz.net сайтының администраторлары Сіздерден осы сайтқа дауыс берулеріңізді сұрайды. Ол үшін Сіздер төменгі жақтағы сауалнаманы басып, ашылған терезеден "БІЗДІҢ САУАЛНАМА" сілтемесін басу арқылы дауыс бере аласыздар. СІЗДЕРГЕ АЛДЫН-АЛА ҮЛКЕН РАХМЕТ!!!  
Понедельник, 20.05.2024, 02:26
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"

Физика - табиғат туралы ғылым

Меню сайта
Ұстаз құжаттары
Қажетті сайттар
Статистика
Форма входа
Главная » Файлы » Мои файлы

Физиктер жаңа құрал ойлап тауыпты
21.09.2012, 10:30
Иә, қазір оны өздері айтар. Сонымен қатар, бұл ғалымдар қағаз өндірісінде қолданылатын волостонит шикізатын ұнтақтайтын қондырғы да ойлап тапты. Алайда, бұл өнертабыстарды өндіріске енгізуге қаржы жоқ.

Бүгінгі күні әлем бойынша жылуалмастырғыш құбырлар химиялық қоспалармен тазартылады. Мерзімі өткен соң, экологиялық жағынан аса қауіпті осы улы қалдықтарды жоюдың жолын ғалымдар іздестіріп келеді. Қарағандылық физиктер осы құбырлардың татын тазалаудың ерекше әдісін ұсынып отыр. Жаңа құралмен 6 метр құбырды 10 секунтта тазалауға болады.

Қаппас Құсайынов, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің инженерлік жылу физика кафедрасының меңгерушісі

Енді мына жақтан ақырындап су жібереміз. Осы судың ішінде біз қақ басқан кеңістікте электрразрядын жасаймыз. Электрразряды дегеніміз - тат басқан жерде шамалы қопарылыс. Ол трубаның қабырғасынан татты босатып, ұсақтап, одан кейін су ағынымен жуылып шығады.

«Ағаш өнімі аз Қазақстанда, қағаз өнеркәсібін дамытуға да болады», - дейді ғалымдар. Мысалы: ағаштан алынған бір келі өнімнің 60 пайызы қағаз болса, оған 40 пайыз волостонит араластырса, сапалы қағаз өнімі алынады. Волостониттен, тіпті, 21 ғасырдың ерекше бояуын жасауға да болады.

Қаппас Құсайынов, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің инженерлік жылу физика кафедрасының меңгерушісі

Бұл өте мықты, мына табиғи әсерлерге, температураның әсеріне, күннің әсеріне оңып кетпейтін бояулар жасауға болады.

Ал, бұл шикізатты ұнтақтаудың қондырғысын жасаған ғалымдар оны өндіріске енгізе алмай отыр. Әдеттегідей қаржы жоқ.

Сансызбай Қарабаев, балқуы қиын металдарды өңдеу саласының инженері

Біздің қазақ ғалымдарының да тау-кен инновациялық технологиялары бар екенін көрсетеді. Сондықтан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан немесе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің инновациялық грант бөлінсе екен дейміз.

Кварцты ұнтақтап одан кремний алып, кремнийден күн батареяларын бөліп шығаруға да мүмкіндік бар. Бірақ, ғалымдардың бұл өнертабысына әзірге қолдау көрсетілмей тұр.

Нұрлан Аманұлы
Категория: Мои файлы | Добавил: nasipzhan19833
Просмотров: 1235 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Жанбітірімдер
Уақыт
Іздеу
Сауалнама
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 299
Сайт достары