Құрметті интернет қолданушылары! Бұл сайт "АТДҰ-2012" жобасының үздік сайттар конкурсына қатысуда. Сондықтан да physics1.ucoz.net сайтының администраторлары Сіздерден осы сайтқа дауыс берулеріңізді сұрайды. Ол үшін Сіздер төменгі жақтағы сауалнаманы басып, ашылған терезеден "БІЗДІҢ САУАЛНАМА" сілтемесін басу арқылы дауыс бере аласыздар. СІЗДЕРГЕ АЛДЫН-АЛА ҮЛКЕН РАХМЕТ!!!  
Понедельник, 20.05.2024, 09:00
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"

Физика - табиғат туралы ғылым

Меню сайта
Ұстаз құжаттары
Қажетті сайттар
Статистика
Форма входа
Главная » Статьи » Мои статьи

NASA Жерге ұқсайтын жаңа планета тауыпты
Адамзат басқа планеталарға көшуі мүмкін
Осыдан жарты жыл бұрын америкалық «The Huffington Post» басылымы: «Жерден 3,6 есе үлкен планета табылды. Ондағы температура + 26,5 мен +44 градустың аралығында және ылғалы мол. Өте қолайлы болмаса да өмір сүруге жарамды болуы мүмкін» деген хабар таратты. Ол планетаға ғалымдар HD85512b деген шартты ат берген екен. Германиядағы Макс Планк институтының ғалымы Лиза Кальтенеггердің зерттеуінше, HD85512b планетасындағы тартылыс күші Жерден 1,4 есе күштірек. Ондағы бір жыл Жердің 60 күніне тең. Сондықтан ондағы өмір сүретін тірі жан иелері адамдардан бірнеше есе кіші болуы мүмкін.
Ғарыш әлемін кезіп жүрген «Хаббл» телескопы шындығында адамзатқа үлкен көмек көрсетуде. Ол іске қосылған уақыттан бері адамзаттың өмір сүруі мүмкін деген бес жүзден астам планетаны тауып, суретке түсіріп, Жерге жіберді. Ал енді олардың бетіне зонд түсіріп, адамның өмір сүруіне қаншалықты қолайлы екендігін тексеру - екінші кезеңнің жұмыстары. Жақында ғана «Хаббл» жіберген мәліметтерді сараптай келіп, НАСА ғалымдары Жер планетасына өте ұқсас аспан денесін тапты. «Кеплер-22-би» деп ат қойылған жаңа планета Жерден 600 жарық жыл қашықтықта орналасқан. Оның радиусы біздің планетадан 2,5 есе үлкен. «Кеплер-22-би» планетасы адамның өмір сүруіне өте қолайлы көрінеді. Өйткені оның Күнмен арақашықтығы планетаның бір температураны ұстап тұруына жағдай жасайды. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, жаңа ашылған планетада ылғал көп, бетіндегі температура +22 градустың аржақ, бер жағы екен. Егер адамзат баласының ол жаққа аяғы жетіп, игеріліп жатса, оның өмір жасы да ұзаратын болады. Өйткені ондағы бір жыл Жердегі сияқты 365 емес, 290 күнге тең. NASA сарапшылары әзірге планетаның құрылымына нақты мінездеме бере алмайды, бірақ оның беті қатты, сұйық немесе газ тәріздес болуы ықтимал екенін мәлімдеді. «Кеплер-22-би» планетасы Күнге ұқсайтын жұлдызды айналып, өз орбитасымен жүреді. «Кеплер-22-би» - адам өмір сүруіне болады деп болжам жасалған 500 планетаның бірі. Бірақ оған ғалымдар үлкен үмітпен қарап отыр. Егер осы планеталардың бірін ғалымдар адам өмір сүруіне жарамды деп тапса, Жер шары біршама жеңілдеп қалар еді. Бұл жай ғана жорамал емес, миллиардтаған ақша шығарып, жүзеге асырылып жатқан жобалар.


Аспан денелері қалай зерттеледі?
Аспан денелері «Пионер-11», «Вояджер», «Кассини», «Гюйгенс», «Хаббл» сияқты ғарыш аппараттары арқылы зерттеледі. Солар арқылы алынған, Жерге жіберген ақпараттар негізінде кез келген аспан денесі туралы сараптамалар жасалады. 1997 жылы қазан айында НАСА, ЕКА және АСИ бірлескен жобасы бойынша «Кассини - Гюйгенс» аппараты Канаверал түбегінен ғарышқа ұшырылды. Бұл жоба Сатурн жүйесін, соның ішінде оның серігі Титанды зерттеуге бағытталған. Титан - Жерден ең қашықта орналасқан аспан денесі. 2004 жылдан бастап «Кассини» Сатурн планетасының жасанды серігіне айналды. Содан бері ғарыш аппараты Титанды айналып ұшып, 1200 шақырым ғана қашықтықтан суретке түсіріп, зерттеп жүр. Титанның бетіндегі газ құрамын, топырағын зерттеу үшін ғарыштық зонд та түсірілді. Қазір бұл планеталар туралы барлық мағлұматтар алынған. «Гюйгенс» аппараты Титанның атмосферасының құрамын анықтады, желдің жылдамдығын таспаға жазып алды, температурасын, массасын, орбита айналымын білді.
2006 - 2008 жылдары «Кассини» Титанды айналып 21 рет ұшып, 950 шақырымға дейін жақындады. Титанда метан көлдері бар екендігі анықталды. Оған қазірге дейін ғарыш аппараттары ұшып барып, зерттеулер жүргізуде. 2017 жылға дейін тағы 56 рет ұшырылады деп жоспарлануда. Мұның бәрі бекерге жасалып жатқан жоқ, бұл ұшулар түбінде үлкен пайда әкелуі тиіс. «Гюйгенс» зонды «Кассиниден» 2004 жылы ажырап, 2005 жылдың 14 қаңтарында Титанның бетіне қонды. Бұл - Ай бетіне қонған ғарыш аппаратынан кейінгі жаңа техноголиямен жасалған аппарат болып саналады. Осындай зондтар алдағы уақытта басқа планеталарға да жіберілетін болады.
НАСА мен ЕКА бірлескен бағдарламасымен 2020 жылдары Сатурн, Титан және Энцеладаны зерттеу үшін Titan Saturn System Mission аппараты жіберіледі деп жоспарлануда. Бұл жоба бойынша титанды зерттеу үшін екі зонд және орбиталық станса жасалуда. Бір зонд бұлттардың арасымен атмосферада ұшып жүреді, екіншісі көмірсутегі теңізін зерттейді. Сонымен қатар, «Гюйгенс» ғарыш аппараты оның бетіне парашютпен түсірілмек. НАСА мен ЕКА бұдан басқа тағы бір бағдарлама жасады. 2020 жылдары Юпитер жүйесін зерттеуге кіріспек.
Қазіргі кезде аспан әлемін шарлап жүрген адамзаттың «ғарыштық көзі» - «Хаббл» аппараты. Осы құралдың көмегімен бүкіл галактика, тіпті басқа галактикалық жүйелер де зерттеліп жатыр. Бұған дейін жұлдыз санаушылар Хукердің телескопын пайдаланып келді. Эдвин Хаббл 1925 жылы Америкалық астрономиялық қоғамдастық жиынында өзінің жаңалығын ұсынды. Бұл жаңалық аспан әлеміне деген көзқарасты түпкілікті өзгертті. Қазіргі кезде «Спейс шаттл» бағдарламасы бойынша «Атлантис» ғарыш кемесі аспан денелерін суретке түсіріп, жан-жақты зерттеулер жүргізу үшін ғарышты кезіп жүрген «Хабблға» қатынас жасап тұрады. Телескопқа қызмет көрсету миссиясы алғашқы рет 1993 жылы желтоқсанда атқарылды. Екіншісі 1997 жылы ақпанда жасалды. Осы уақытқа дейін «Хабблға» бес рет ұшып, оның жинаған мәліметтері Жерге жеткізілді. «Хаббл» үшін жаңа құрал-жабдықтарды қосқанда «Атлантис» ғарыш кемесінің ұшырылу құны 887 млн долларды құрайды. НАСА ғалымдарының болжамдарынша, шыққан шығындардың барлығы бірнеше есеге ақталуы тиіс.


Ғарышты кім игеріп жатыр?
Әлемге әмір жүргізу үшін ғарыш басты алаңға айнала бастады. Америкалық НАСА бұл жағынан алда келе жатыр. Енді Қытай Халық Республикасы өзінің жаһандық навигациялық жүйесін құру бойынша көпмақсатты бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Таяу онжылдықта Қытай елі ғарыштық лабораторияны іске қосып, өзінің бірінші ғарышкерін Айға аттандырмақшы. Айға басқарылатын аппаратты қондыру бойынша Қытай үш кезеңнен тұратын жоба жасап жатыр. Алғашқы кезең 2010 жылы қазанда, алғашқы «Chang'e-2» Ай аппаратын ұшырғанда аяқталды. Алдағы бір-екі жылда Аспанасты елі Айдың бетінен топырақ, тас жинайтын пилотсыз ғарыш кемесін жібереді. Содан кейін бірінші қытай ғарышкері Жер серігіне табанын тигізеді деп жоспарлануда. Ал АҚШ болса, ғарышты Қытаймен бірлесіп игеру тиімді деп есептейді. Әзірге бірлесіп ұшпаса да, қазіргі кезде қытай-америкалық келісімдер Жер кеңістігінде жасалып жатыр.
Ал Қазақстан болса, ғарышқа Ресеймен бірлесіп қол созбақ. Өйткені республика аумағында тұрған Байқоңыр космодромында Ресей жұмыс істеп жатыр. Оның үстіне, 2004 жылы қаңтарда Ресей мен Қазақстан Байқоңырда экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары «Бәйтерек» кешенін салу туралы келісімге қол қойған болатын. Бұл жобаның негізіне соған ұқсас ресейлік «Анкара» жобасы алынған. «Бәйтеректі» жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан үкіметі 223 млн доллар көлемінде бюджеттік несие бөлді. Бірақ жоба Ресейсіз жүзеге асырылмайтын сияқты. Өйткені бұдан біраз бұрын Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев: «Ресейлік әріптестер қаржы қосудан бас тартқан жағдайда Қазақстан «Бәйтерек» ғарыштық -зымырандық кешенін салу жоспарынан бас тартуы қажет. Егер Ресей «Бәйтерек» ғарыштық-зымырандық кешенін салуды қаржыландыруға қатыспайтын болса және «Анкара» зымырандарының «Байқоңыр» космодромынан ұшырылуына кепілдік етпейтін болса, онда «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру орынсыз», деп мәлімдеді.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Источник: http://enulife.kz/kz/news/view/id/378
Категория: Мои статьи | Добавил: nasipzhan19833 (19.09.2012)
Просмотров: 1982 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Жанбітірімдер
Уақыт
Іздеу
Сауалнама
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 299
Сайт достары