Құрметті интернет қолданушылары! Бұл сайт "АТДҰ-2012" жобасының үздік сайттар конкурсына қатысуда. Сондықтан да physics1.ucoz.net сайтының администраторлары Сіздерден осы сайтқа дауыс берулеріңізді сұрайды. Ол үшін Сіздер төменгі жақтағы сауалнаманы басып, ашылған терезеден "БІЗДІҢ САУАЛНАМА" сілтемесін басу арқылы дауыс бере аласыздар. СІЗДЕРГЕ АЛДЫН-АЛА ҮЛКЕН РАХМЕТ!!!  
Четверг, 21.11.2024, 08:15
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"

Физика - табиғат туралы ғылым

Меню сайта
Ұстаз құжаттары
Қажетті сайттар
Статистика
Форма входа
Құрметті сайт қолданушылары!

Физика әлеміне қош келдіңіз!


         
  Тthumb| Физика (көне грекше: φύσις — табиғат) — зат әлемді, және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама   т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Физика пәні

     
Физиканың негізгі мақсаты - табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр. Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады.
       
Физиканың ғылыми тілін игеріп, заңдарын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды. Мысалы, жол, жылдамдық, куиі сияқты сөздер физика тілінде жиі қолданылатын терминдер болып табылады. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық ұғымдар деп аталады. Мысалы, физикада материя, дене, зат сияқты ұғымдар жиі қолданылады. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Мысалы, материяға өсімдіктер мен жануарлар, Ай мен Күн, жұлдыздар мен планеталар, сондай-ақ жарық және басқа да сәулелер жатады.
           
   Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Мысалы, Ай, қасық, өшіргіш, үстел, судың тамшысы денелер болып табылады. Дене белгілі бір заттардан тұрады. Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады. Мысалы, затқа күміс, су және ауа жатады. Үстел - дене болса, оны құрайтын ағаш - зат. Шеге - дене, шегені құрайтын темір - зат. Ағаш та, темір де дененің сапалық қасиеттерін сипаттайды. Дене бір ғана заттан түзілуі мүмкін. Мысалы, су, оның буы және мүз - бұлардың барлығы да бір ғана заттан тұрады. Алайда, бір тамшы су мен мүз кесегі дене деп қарастырылады да, бу тек зат болып есептеледі. Өйткені будың денеге тән нақты көлемі және пішіні жоқ.
           
  Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді. Кейбір қасиеттер барлық материялдық жүйелер үшін бірдей болады, мысалы, энергияның сақталуы — оларды физикалық заңдылық деп атайды. Кейде физиканы іргелі ғылым деп те атайды, себебі басқа жаратылыстану ғылымдары (биология, геология, химия және т.б.) тек қана заттық жүйелердің, физикалық заңдылықтарға бағынатын, кейбір таптарын ғана сипаттайды. Мысалы, химия молекулалар мен олардан құралған заттегілерді зерттейді. Ал заттегілердің физикалық-химиялық қасиеттері, термодинамика, электромагнетизм және кванттық физика сияқты физика бөлімдері сипаттайтын, атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттерімен анықталады.
             
Физика математикамен тығыз байланыста — математика физикалық заңдылықтарды дәл өрнектеуге болатын құрал болып табылады. Физикалық теориялар әрқашан дерлік математикалық өрнектермен сипатталады, оның үстіне физика басқа ғылымдарға қарағанда математиканың әлдеқайда күрделі бөлімдерін пайдаланады. Және керісінше, физикалық теория мұқтаждықтары математиканың көп салаларының дамуына әкеп соқты.


Жанбітірімдер
Уақыт
Іздеу
Күнтізбе
«  Ноябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Сауалнама
Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 299
Архив записей
Сайт достары