Қазіргі кезде оқушының ой -
өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана
білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып,өзінің білімін тереңдетуге
үйрету мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартта
орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз
сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерінқолдану
керектігі көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өлзгертуді, оқушыларды өз
бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп
көңіл бөлуді талап етеді.